www.kokterek.kz сайтына қош келдіңіз. Біздің мекенжай: ОҚО, Сарыағаш ауданы, Көктерек ауылы,Келес көшесі 2. Тел.факс.: 8(725-37)5-17-07. E-mail: too_kokterek@mail.ru

«Көктерек» шипажайы

«Көктерек» шипажайы Оңтүстік-Қазақстан облысы, Сарыағаш қаласының табиғи ауданында орналасқан. Жылы климаттық жағдай, таза самал жел, күшті жел жоқ, күн сәулесі жарқыраған, минералды су – осы барлық бағалы табиғи және климатикалық емдік факторлар денсаулықтың жақсаруына және организмнің емделуіне «КӨКТЕРЕК» шипажайы көмек береді. Енді ғажайып «Сарыағаш» бірегей минералды су көзі арқасында, бірден бір ұрпақ өзінің денсаулығын жақсартуда және Сіздерге тиімді!!!!

«Көктерек» шипажайы 2010 жылы мамыр айында ашылды! Шипажайдың ресми ашылуы 2010 жылы 29 мамырда өтті.

Аймақтағы жоғары білікті дәрігерлер Козыбаев А.К., Таиров А.Т., Сидорова М.А. сауығушыларға АШЖ сапалы ем алуға көмектеседі. Медбикелер емдеу бөлімінде емдеу шараларын қабылдайды. Шипажайға 60 адам орналаса алады.

«КӨКТЕРЕК» шипажайында «люкс», «жартылай люкс», «эконом класс» сияқты жайлы категориялы нөмерлер бар. Барлық нөмерде балкон бар.

Люкс нөмері жатын және қонақ бөлмесінен тұрады. Бұл нөмерде телефон, теледидар, ауа салқындатқыш, тоңазытқыш бар. Санитарлы торап: жуынатын кабина, қол жуғыш, унитаз, кептіргіш.

Демалатын қонақтар келген күні оларға балғын жемістер беріледі. Люкс нөмерінде демалатындарға жеңілдіктер ұсынылады: кедрлі бөшкеде тегін бір емдеу шарасын қабылдайды.

Жартылайлюкс жай ғана бір бөлмеден тұрады. Бұл бөлмеде телефон, теледидар, ауа салқындатқыш, тоңазытқыш бар. Санитарлы торап: жуынатын кабина, қол жуғыш, унитаз, кептіргіш.

Эконом класс нөмері де жай ғана қарапайым тиянақты бір бөлмеден тұрады. Бұл бөлмеде телефон, теледидар, ауа салқындатқыш, тоңазытқыш бар. Санитарлы торап дәліз соңында. Нөмерде тек қолжуғыш ғана бар.

Бұл жерге келушілерге шипажайдың қазіргі заманға сай асханасы түрлі еуропалық және шығыс асханасының тағамдарын дайындайды. Асханадағы тамақтану тәртібі емдәмдік, яғни күніне 4 рет тамақ беріледі. Сонымен қатар, кешке қарай сүтқышқылды тағам беріледі. Шипажайда фито-бар жұмыс жасайды. Емдік шөп шәйлар күніне 4 рет беріледі, ал оттекті коктейль сағат 11:00-де беріледі.

Сонымен қатар, спорт залы, волейбол алаңы, жаттығу жасайтын залы, кино көретін зал, столда ойнайтын теннис, бильярд, балаларға арналған ойнайтын бөлме (қазіргі заманға сай ойын автоматтарымен жабдықталған), компьютер залы, ғаламтор. Ашық бассейн.

Кино залда күнделікті өзімізге белгілі отандық және шетелдік кинематографтардың кинолары көрсетіледі. Кеш құрым музыкалы – мәдени іс – шаралар өткізіледі: концерттер, би кеші, танысу кеші және т.б.

Қалаушылар болса «Сары-Ағаш» минералды су зауытына және Түркістан, Арыстанбаб сияқты киелі жерлерге саяхатқа апарады.

Шипажайда әлемдік стандарт талаптарына жауап бере алатын қазіргі заманға сай медициналық құрал – жабдықтар бар. Сіздерге жоғары маман дәрігерлер қызмет етеді.

Бұл жердегі аймақта ақылы автотұрақ жұмыс жасайды.

Бізге жазу